Мұсылман – жан-жағына шуағын шашып жүретін, әділдіктен аттамайтын, өтірік айтпайтын, күнәға бармайтын адам. Елімізде дінаралық, ұлтаралық бірлік пен достық берік орнығуы үшін әрбір азамат осы қасиеттерді бойына сіңірсе құба-құп. Зайырлы ұстанымдағы Қазақ елінде дін ұстануға толық еркіндік берілген, ешбір жан діни сеніміне байланысты кемсітілмейді.