Ресейдің Подмосковье өңірінде бес жыл бұрын өздерінің бір жасар ұлын аяусыз өлтірген ерлі-зайыпты ұсталды.
SHOT ақпараттық порталының хабарлауынша, тергеу барысында олар қылмысын мойындап, баланың өміріне кедергі келтіргенін айтқан.
Қайғылы оқиға 2020 жылдың тамызында Краснодар өлкесінің Крымск қаласында болған. Ол кезде 23 жастағы Кристина мен 29 жастағы Азаматтық некедегі жұбы Андрей туған күнінде өздерінің бір жасар ұлын тұншықтырып өлтіріп, денесін Крымск ауданындағы орманға апарып көмген. Тергеу деректеріне сүйенсек, нәресте ешбір тіркеуге алынбаған және медициналық тексерулерге апарылмаған, яғни толықтай жасырып ұсталынған.
Қылмыстан кейін ерлі-зайыптылар өз істерін жасыру үшін барын салған. Тіпті Кристина бір жылға жуық із-түзсіз жоғалған адам ретінде тіркеліп, оны еріктілер іздестірген. Алайда бес жыл өткен соң тергеушілер қылмыстың ізіне түсті. Белгілі болғандай, Кристина мен Андрей қылмыстан кейін Мәскеу маңындағы Королёв қаласына көшіп, жаңа өмір бастауға тырысқан. Олар туыстарына баланың аман-сау екенін айтып келген.
Алайда бір сәтте Кристина өз ісін әшкерелеп қойды — Мәскеуге қайтар жолда тек өз атына билет алып, балаға ешқандай құжат рәсімдемеген. Осы дерек тергеушілердің назарын аударды, соның нәтижесінде әйел мен оның серігі тұтқындалды.
Тергеу кезінде Кристина мен Андрей баланың өмірлеріне «кедергі» болғанын, әрі оны қаламағандарын айтқан. Олар Новороссийск қаласының тұрғындары, бұрын сотты болмаған.