Исламда мұсылман адамның білім алып, оған амал етуінің маңызы өте үлкен. «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»-деген дана халқымыз. Жаһандану үрдісінде әр халықтың өзіндік бет – бейнесін сақтап қалуы мен ұлттық ерекшеліктерді қазіргі өркениет талаптарына сай жетілдіру мәселесі зор маңызға ие. Халықтың рухани құндылықтары ақпараттар ағымымен, жан- жақтан еніп жатқан жат түсініктер тасқынында жоғалып кетпеуі үшін жас ұрпақтың білімі жоғары болуы тиіс. Әсіресе, «діни ілімді дәстүрмен сабақтастырған тамырынан ажырамайды, ұлтынан адаспайды» – дейді «Ибрагим ата» мешітінің имамы Исламбек Ташниязов.