Жер бетіндегі әр ұлттың өзіне тән ділі, діні, дәстүрі бар. Бұл үшеуі – бір-бірімен біте қайнасқан бір тұтас дүние. Діл – мемлекеттің рухани өзегі. Дін – бабалар ұстанған қастерлі жол. Дәстүр – сан ғасырлық саф мұра. Яғни, қоғамның бүгінгі тіршілігі үшін де, елдің ертеңі үшін де аса маңызды құндылықтар. Бір-бірін қуаттап, ұлт пен ұлыс бірлігін бекемдейді.