Алматыда психикалық денсаулық орталығынан әр уақытта шығып кеткен екі адамды іздеу жұмыстары бірнеше айдан бері жалғасып жатыр. Бұл туралы волонтерлік желі Lider.kz хабарлады.
Іздеуде жүргендердің бірі — 1989 жылы туған Нелли Шахрай. Ақпаратқа сәйкес, ол 2026 жылғы 16 сәуірде таңғы сағат 09:00 шамасында Бостандық ауданындағы Кекілбайұлы көшесінде орналасқан психикалық денсаулық орталығынан кеткен.
Нелли Шахрайдың бойы шамамен 167 сантиметр, дене бітімі орташа. Қоңыр көзді, шашы қара-қоңыр әрі ұзын, арасында ақ шаштары бар. Бетінде бөртпе болған. Ол жоғалған кезде қою көк түсті велюр кофта, күлгін шалбар және көк түсті резеңке аяқ киім киген.
Екінші ізделіп жатқан адам — 1991 жылы туған Денис Антипин. Ол 13 мамыр күні таңғы сағат 08:00 шамасында сол аудандағы психикалық денсаулық орталығынан кеткен.
Денис Антипиннің бойы 180 сантиметр, дене бітімі орташа. Шашы қысқа, қара-қоңыр түсті, арасында ақ шаштары бар. Көзі қоңыр, сол көзінің маңында меңі орналасқан. Киімі қара түсті кеудеше, ақ футболка, қара шалбар және қара түсті сланцы болған.
Волонтерлер екі азаматтың да психикалық денсаулық мәселелеріне байланысты есепте тұрғанын атап өтті.
Олардың орналасқан жері немесе тағдыры туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдардан 102 нөміріне немесе +7 705 105 31 31, +7 701 375 92 91 телефондарына хабарласу сұралды.
Айта кетейік, жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментіне ресми сауал жолданған. Ведомствоның жауабы әзірге күтілуде.
USD