10 Маусым 2025, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 508.5 ₸
    EUR EUR 580.66 ₸
    RUB RUB 6.44 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Картоп бағасының өсуі: бірқатар шенеунікке сөгіс жарияланды

    18 Наурыз, 2025
    Картоп бағасының өсуі: бірқатар шенеунікке сөгіс жарияланды

    Үкіметте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

    Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин тұрақтандыру қорларында көкөністі сақтау жұмысын тиісті деңгейде атқармаған облыс әкімдерінің орынбасарларына сөгіс жариялады.

    Анықталған кемшіліктер негізінде вице-премьер облыс әкімдерінің орынбасарларына картоп қорларының дұрыс бақыланбауына байланысты сөгіс жариялады. Серік Жұманғарин Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдағанын атап өтті. Мәселен, асыл тұқымды малдарды экспорттауға тыйым салынды, картопты үшінші елдерге экспорттауға алты айға шектеу енгізілді, импорттық тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым енгізіледі. Дегенмен, жергілікті атқарушы орган тарапынан тиісті бақылау болмаса, қабылданған шаралардың нәтижелері тиісті әсер бермейді, – делінген Үкіметтің материалында.

    Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің орташа баға индексі 0,2%-ды құрады, бұл 2025 жылдың басынан бергі ең төмен көрсеткіш. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасының орташа өсімі 3,4%-ды құрағанын, бірақ наурыз айының басынан бастап бағаның өсу динамикасы 0,4%-ға бәсеңдегенін атап өтті. Биылғы жылдың басынан бері ең жоғары баға өсімі картопқа (+19,3%), қырыққабатқа (+23,2%) және сиыр етіне (+9,0%) тиесілі. Сонымен қатар күріштің (-3,4%), жұмыртқаның (-2,1%) және ұнның (-0,3%) бағасы төмендегені байқалды.

    Бағаның ең жоғары өсімі Ақтөбе облысында (+0,8%), Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында (+0,5%), Жетісу облысында (+0,4%) тіркелді. Сонымен қатар Астана қаласында (-0,2%) және Батыс Қазақстан облысында (-0,1%) баға индексі төмендеді, – деп атап өтті Айжан Бижанова.

    Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өңірлердегі көкөніс қорларының босатылу барысы туралы хабарлады. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 12 наурыздағы жағдай бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) тұрақтандыру қорлары үшін келісімшарт жасаған картоп қоры 41,3 мың тоннаны құрайды. Алайда кейбір өңірлерде жүргізілген тексеру нәтижесінде мәлімделген көлем мен картоптың нақты қоры арасында айтарлықтай айырмашылық бар екені анықталды.

    Маңғыстау облысында мәлімделген ӘКК-нің 2,5 мың тоннадан астамының тек 25 тоннасы ғана нақты расталды. Шығыс Қазақстан облысында мәлімделген ӘКК-нің 1,6 мың тоннадан астамының тек 35 тоннасы ғана болған. Атырау облысында мәлімделгені – 394 тонна, расталғаны – 110 тонна.

    Қазіргі уақытта Қазақстанға Пәкістан мен Қытайдан арзан бағадағы импорттық картоп жеткізу бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Қазірдің өзінде Сауда комитеті мен «KTZ EXPRESS» экономикалық операторымен бірге 4000 тонна астам картоп импортталды, тағы 700 тонна жолда.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстандықтар отандық киноны көбірек көре бастады

    Келесі жазба

    Лифтідегі шабуыл: 5 жасар баланың қазіргі жағдайы белгілі болды

    Ұқсас мақалалар

    Алматыда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
    Жаңалықтар

    Алматыда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

    10 Маусым, 2025
    Енді мектепте берілетін тамақта қант, май, тұз мөлшері азаяды
    Жаңалықтар

    Енді мектепте берілетін тамақта қант, май, тұз мөлшері азаяды

    9 Маусым, 2025
    Алдағы күндері 37 градус ыстық күтіледі
    Жаңалықтар

    Алдағы күндері 37 градус ыстық күтіледі

    9 Маусым, 2025
    Жол апатынан 15 студент қаза тапты
    Жаңалықтар

    Жол апатынан 15 студент қаза тапты

    9 Маусым, 2025
    Түркістан облысында 16 жастағы қызды өлтіріп кетті
    Жаңалықтар

    Түркістан облысында 16 жастағы қызды өлтіріп кетті

    9 Маусым, 2025
    Ақордада Болгария президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
    Жаңалықтар

    Ақордада Болгария президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

    9 Маусым, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Алматыда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

    Енді мектепте берілетін тамақта қант, май, тұз мөлшері азаяды

    Алдағы күндері 37 градус ыстық күтіледі

    Жол апатынан 15 студент қаза тапты

    Түркістан облысында 16 жастағы қызды өлтіріп кетті

    Ақордада Болгария президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 508.5 ₸
    EUR EUR 580.66 ₸
    RUB RUB 6.44 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews