10 Маусым 2025, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 508.5 ₸
    EUR EUR 580.66 ₸
    RUB RUB 6.44 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Костенко шахтасындағы апат: 106 томдық қылмыстық іс сотқа жіберілді

    18 Ақпан, 2025
    Шахтада қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына қажетті қолдаудың барлығы көрсетіледі

    Фото: Freepik.com

    Костенко шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.

    Бас прокуратура мәліметінше, Қарағанды облысының прокуратурасы Костенко шахтасында кеншілердің қаза табуына қатысты 106 томдық қылмыстық істі сотқа жіберді.

    Сотқа дейінгі тергеуді Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ішкі істер министрлігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржылық мониторинг агенттігі және Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің қатысуымен жүргізді.

    Тергеу барысында жазатайым оқиғаға тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерінің жаппай бұзылуы себеп болғаны анықталды. Көмір өндіру алаңындағы жарылыс, шоғырлануы рұқсат етілген стандарттардан айтарлықтай асып кеткен көмір шаңының жарылыстарының тізбекті реакциясын тудырып, 46 кенші қаза тауып, 28 кенші жарақаттанды.

    Шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлер қатарынан 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Барлығы қамауда. Оларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша («тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») айып тағылды, аталған бап бойынша 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – делінген мәліметте.

    Іс бойынша 74 адам жәбірленуші ретінде танылды.

    Материалдар негізі бойынша қарау үшін Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының аудандық сотына жіберілді.

    Таңбалар: Костенко шахтасы
    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Ұшақ әуежайда қонатын кезде аударылып қалды

    Келесі жазба

    Астаналық жеті жастағы оқушы халықаралық ғылыми олимпиададан алтын алды

    Ұқсас мақалалар

    Мақала жоқ

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Енді мектепте берілетін тамақта қант, май, тұз мөлшері азаяды

    Алдағы күндері 37 градус ыстық күтіледі

    Жол апатынан 15 студент қаза тапты

    Түркістан облысында 16 жастағы қызды өлтіріп кетті

    Ақордада Болгария президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

    Автобус апаты: екі аяғынан айырылған Алуаның туыстары елден көмек сұрап жатыр

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 508.5 ₸
    EUR EUR 580.66 ₸
    RUB RUB 6.44 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews