3 Ақпан 2026, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    ЛГБТ шетелден миллиондаған доллармен қаржыландырылып жатыр – Жаңбыршин

    12 Қараша, 2025
    ЛГБТ шетелден миллиондаған доллармен қаржыландырылып жатыр – Жаңбыршин

    Фото: gov.kz

    Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Еділ Жаңбыршин ЛГБТ-ны насихаттауды тыйым салу бойынша норманың авторы ретінде процедура бойынша сөз сөйледі.

    «Бұл мәселенің қызу талқыланып жатқанына бес жылдың жүзі болды. Дәл осы мінберден өзім де, әріптестерім де бірнеше рет депутаттық сауал жолдап, мәселені бүге-шігесіне дейін талқыладық. Бұл қасиетсіз топ қасиетті киіз үйімізде тайраңдап, ұлттық құндылықтарымызды аяққа таптады. Ұлттық фольклорымызда гомосексуализм бар деп, тұтас халыққа жала жапты. Тіпті мектептерге барып, ашық әрі заңсыз пропоганда жүргізді», – дейді Жаңбыршин.

    Ол Асхат Аймағамбетовке, Жанарбек Әшімжанға, Ардақ Назаровқа, Елнұр Бейсенбаев пен Самат Мұсабаевқа ақпараттық шабуыл жасалғанын да айтты.

    «Біздің жеке басымызға өтіп, келемеждеді. Сол үшін арнайы контент әзірленіп, таратылды. Бұл барып тұрған бассыздық, заң шығарушы органның өкілдеріне қысым жасау, адам құқығын таптау. Ең сорақысы, олар әлеуметтік желілер арқылы жыныс мүшелерін, сексуалдық қарым-қатынастарын ашық жариялап қана қоймай, қоғамды азғындыққа үндеп, кең ауқымда насихаттау жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін ұлттық құндылықтарды жоюға бағытталған әсірефеминистік, ЛГБТ қауымдастығы арнайы, жоспарлы түрде шетелден миллиондаған доллармен қаржыландырылып жатыр. Бұл мен келтірген бірнеше ғана мысал», – дейді депутат.

    Еділ Жаңбыршин атағандай,бұған қарсы қоғам үнсіз қалған жоқ.

    «Былтыр қоғам белсенділері E-petition.kz мемлекеттік платформасында ЛГБТ насихатына қарсы петиция жариялап, ол аз уақыт ішінде заңды түрде 50 мың қол жиналды. Бұл – ЛГБТ-ның елімізге қажетсіз әрі жат құбылыс екендігінің, оған халықтың ашық қарсылығының анық көрінісі. Осы бойынша арнайы зерттеу ұйымдастырылып, оның нәтижесінде ЛГБТ пропогандасы жас өрендеріміздің психикасына тікелей теріс әсер ететіні, олардың танымын сындыратын қауіпті үрдіс екені анықталды. Бұған қоса, халықаралық балалар құқығына қатысты стандарттар да осыған ұқсас талаптарды қамтиды. БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясында мемлекеттерге баланың рухани, психикалық және физикалық жағдайына зиян келтіретін ақпарат пен материалдардан қорғау жөнінде нақты шаралар қабылдау міндеті жүктелген», – деді ол.

    Сондай-ақ, 2022 жылы Қазақстан Женева декларациясына қосылып, онда әрбір дербес мемлекет өздерінің негізгі құндылықтарын, дәстүрлі отбасы институтын сақтау бойынша ұлттық саясатын жүргізуге құқылы екені айтылған.

    «Бұл Декларацияны АҚШ-тың өзі қабылдаған. Ең бастысы, Трамп осы декларацияны арқау етіп, бір жынысты некелерге шектеу қойып, енді Америкада тек әйел және ер жынысы болатынын мәлімдеді. Арнайы Жарлық шығарды. Осыған байланысты бірнеше халықаралық ұйым Американың жоғарғы сотына шағымданды. Дегенмен, олардың ұсыныстары қабылданбай, Жоғарғы сот Трамптың шешімін дұрыс деп есептеді.  Осылайша, біз түгілі Американың өзі ЛГБТ, трансгендер, бір жынысты неке сияқты теріс бағыттарды қоғамға жат деп таныды», – деді ол.

    Депутат атағандай, ЛГБТ-ны насихаттауды заңмен шектеу бойынша қабылдап жатқан нормаларымыз кейбір халықаралық ұйымдар мен белсенділер айтып жүргендей ешқандай адам құқығын шектеуге бағытталмаған.

    «Керісінше, бұл нормалар дәстүрлі отбасылық институтты бұзудан және балалар мен жасөспірімдерді деструктивті идеологиялардан  қорғап, ұлттық қауіпсіздігімізді сақтауға, халқымыздың рухани иммунитетін нығайтуға септігін тигізеді.  Дербес мемлекеттің ішкі ісіне араласуға, ең бастысы оның ұлттық заңдарына қысым көрсетуге ешқандай ұйымның құқығы жоқ.Ең бастысы, бұл нормалар ұлттың мүддесін қорғауға бағытталған», – деді ол.

    Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының педофилия мен ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы бөлігі мақұлданды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Блогер Елдос «Колобок» әке атанды

    Келесі жазба

    Балалардың психологиялық денсаулығын сақтау үшін қажет – Бейсенбаев ЛГБТ насихатына тыйым салу заңы туралы

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пәкістан Тоқаевтың сапарына дайындалып жатыр

    Павлодар облысында ер адам бойжеткенді жезөкше деп жалған ақпарат таратқаны үшін істі болды

    Қосшы тұрғыны мысықтың жатын орнын ұрлағаны үшін екі жылға сотталып кетті

    Орынбасарымен төбелесіп, басы дауға қалған: Серік Сәпиев қызметінен кетті

    Небары бір ай ішінде Қазақстанда жемқорлар 18 млрд теңгені жымқырып үлгерген

    Шымкентте аудандық полиция бастығы пара алғаны үшін 6 жылға сотталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸

    © 2025 TauNews