Павлодар облысының әкімі Асайын Байхан әпкесінің жауапқа тартылуына қатысты ресми пікір білдірді.
Желіде шенеуніктің әпкесі мас күйде рульге отырғаны туралы ақпарат тарады. Осы ісі үшін ол жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылып, өзі 15 тәулікке қамауға алынды.
Осыған қатысты әкім былай деп пікір білдірді:
«Менің үлкен әпкемнің әкімшілік жауапкершілікке тартылуына қатысты мынаны айта аламын: барлық азамат заң алдында тең. Менің әпкем де, отбасымыздың басқа мүшелері сияқты, бұл қағидаттан тыс емес», – дейді Павлодар облысының әкімі.
USD