3 Ақпан 2026, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    «Қара басының қамы үшін»: Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігіне ескерту жасады

    28 Қаңтар, 2026
    «Қара басының қамы үшін»: Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігіне ескерту жасады

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің жұмыс тәсілін қайта қарауға шақырды.

    Президент өз сөзінде барлық құқық қорғау органы бизнеске заңсыз кедергі келтіру мемлекет мүддесіне қарсы ауыр қылмыспен пара-пар екенін түсінуге тиіс екенін айрықша атап өтті.

    «Бизнестің дамуын тежейтін кедергілерді жою керек. Бұл бағытта біраз жылдан бері жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Бірақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, жекелеген бизнес өкілдерінен әлі де арыз-шағым түсіп жатыр. Барлық құқық қорғау органы бизнеске заңсыз кедергі келтіру мемлекет мүддесіне қарсы ауыр қылмыспен пара-пар екенін түсінуге тиіс.

    Бұл, ең алдымен, Қаржылық мониторинг агенттігіне қатысты. Маған аймақтарда қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар деген шағымдар келіп түсіп жатыр. Ескертемін: егер әлгіндей мәліметтер расталса, заңға сәйкес жауапқа тартып, келтірілген шығынды өндіріп алу үшін қатаң шаралар қабылданады», – дейді президент.

    Ол өз сөзінде былтыр агенттік тергеу жүргізген қылмыстық істердің 40 пайызы, яғни мыңнан астамы негізсіз деп тоқтатылған. Мысалы, 2025 жылы агенттік 2710 іс қозғаған, оның 1061-інде күдіктілер ақталып, іс тоқтатылған.

    «Бұл жай ғана көрсеткіш емес. Осындай істердің салдарынан кәсіпкерлер шығынға ұшырайды, олардың іскерлік беделіне нұқсан келеді, еңбек ұжымдарының берекесі қашады. Мұның бәрі бизнестің дамуын тежейді, елдегі инвестициялық ахуалға зардабын тигізеді. Сондықтан кәсіпкерлермен қарым-қатынас орнату тәсілдерін қайта қараған жөн. Өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай, ақылға қонымды тепе-теңдікті сақтай білу қажет.

    Кәсіпкер қаржы заңнамасын бұзған жағдайда оның шаруашылық қызметін бірден тоқтатып тастауға болмайды. Шектеу шараларын құқық бұзушылықтың деңгейіне сәйкес ерекше жағдайларда ғана қолдану керек. Кәсіпкерлер де заң талаптарын қатаң сақтауға міндетті. Мемлекеттің оң көзқарасы мен қорғауын пайдаланып, салықтан жалтаруға, алаяқтық схемалар жасауға болмайды. Алаяқтыққа мүлдем жол бермейміз», – деді президент.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Астанада екі оқушы қыз ойлап тапқан инкубатор балапан басып шығарды

    Келесі жазба

    Қаржылық мониторинг агенттігінің бір топ қызметкері мемлекеттік наградамен марапатталды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пәкістан Тоқаевтың сапарына дайындалып жатыр

    Павлодар облысында ер адам бойжеткенді жезөкше деп жалған ақпарат таратқаны үшін істі болды

    Қосшы тұрғыны мысықтың жатын орнын ұрлағаны үшін екі жылға сотталып кетті

    Орынбасарымен төбелесіп, басы дауға қалған: Серік Сәпиев қызметінен кетті

    Небары бір ай ішінде Қазақстанда жемқорлар 18 млрд теңгені жымқырып үлгерген

    Шымкентте аудандық полиция бастығы пара алғаны үшін 6 жылға сотталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸

    © 2025 TauNews