10 Маусым 2025, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 508.5 ₸
    EUR EUR 580.66 ₸
    RUB RUB 6.44 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақ мектебі – халықаралық деңгейде

    2 Сәуір, 2025
    Қазақ мектебі – халықаралық деңгейде

     Алматыда қазақ мектебі халықаралық деңгейде үлкен жетістікке жетті. Еліміз бойынша алғашқы қазақ мектебі болып ZAMAN мектебі халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасының бастауыш білім беру деңгейіндегі Primary Years Programme (PYP) аккредиттеуінен сәтті өтті. Сәйкесінше, қазақ балалары үшін әлемнің үздік университеттерінде білім алуға жол ашылды.

    Бұл жетістік – Қазақстандағы қазақ тілінде білім беретін мектептердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайтын маңызды қадам. 1968 жылы Женевада негізі қаланған бұл бағдарлама қазіргі таңда 150-ден астам елдегі 5 мыңнан аса мектепте енгізілген.

    IB – бұл жай ғана академиялық бағдарлама емес. Ол оқушыларды білім алуға, әлемдегі және еліміздегі ауқымды мәселелерді анықтап, оларды шешуге үйретеді. IB бағдарламасы арқылы 3 жастан 19 жасқа дейінгі оқушылар білімдерін халықаралық деңгейде көрсете алады. Мектепте оқушылар тек сапалы білім алып қана қоймай, сонымен қатар өз бетінше талдау жасайтын, креативті ойлайтын және көпұлтты әрі көпмәдениетті ортада тиімді қарым-қатынас жасай алатын көшбасшы, жобалық менеджер ретінде қалыптасады.

    IB бағдарламасы 162 елде 5800 мектепте оқытылады. Оның мақсаты – зияткерлік әрі жаһандық көшбасшыларды даярлау, оларды қазіргі заманның қарқынды өзгерістеріне бейімделуге үйрету.

    «IB бағдарламасы мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға үлкен серпін береді. Педагогтер үнемі тәжірибе алмасып, кәсіби тұрғыдан дамуға ынталандырылады. Оқушылар үшін бұл бағдарлама – теңдесі жоқ мүмкіндік, себебі IB дипломы әлемнің үздік университеттерінде білім алуға жол ашады. ZAMAN мектебінде IB бағдарламасы қазақстандық және халықаралық білім беру әдістемелерін біріктіріп, жан-жақты оқытуды қамтамасыз етеді. Сабақтар қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізіледі, бұл оқушыларға жаһандық білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі. Мектепте IB бағдарламасы бойынша оқыту тәжірибесі бар жоғары білікті мұғалімдер жұмыс істейді», – деп атап өтті мектептің негізін қалаушы Гаухар Нурова.

    2025 жылдың қаңтар айында мектеп Middle Years Programme (MYP) бағдарламасы бойынша авторизация алды, ал сәуір-мамыр айларында жоғары деңгейдегі Diploma Programme (DP) бағдарламасының авторизациясын алу күтілуде. IB бағдарламасының барлық деңгейлерін алу – мектептің дамуы мен отандық білім беру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.

    Қазақстанда IB бағдарламасымен оқытатын мектептердің саны әлі де аз, ал ZAMAN мектебі – халықаралық стандарттарды енгізіп, оқушыларына жаңа мүмкіндіктер ашқан алғашқы білім ордаларының бірі. Мектептің халықаралық жетістіктері – қазақ тілінде білім беретін мектептердің заманауи білім беру жүйесіне бейімделуінің және жаһандық білім беру қауымдастығына интеграциялануының айқын дәлелі.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қарағанды облысында шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

    Келесі жазба

    Бейбітшілік пен бірлік бесігі

    Ұқсас мақалалар

    Енді мектепте берілетін тамақта қант, май, тұз мөлшері азаяды
    Жаңалықтар

    Енді мектепте берілетін тамақта қант, май, тұз мөлшері азаяды

    9 Маусым, 2025
    Алдағы күндері 37 градус ыстық күтіледі
    Жаңалықтар

    Алдағы күндері 37 градус ыстық күтіледі

    9 Маусым, 2025
    Жол апатынан 15 студент қаза тапты
    Жаңалықтар

    Жол апатынан 15 студент қаза тапты

    9 Маусым, 2025
    Түркістан облысында 16 жастағы қызды өлтіріп кетті
    Жаңалықтар

    Түркістан облысында 16 жастағы қызды өлтіріп кетті

    9 Маусым, 2025
    Ақордада Болгария президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
    Жаңалықтар

    Ақордада Болгария президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

    9 Маусым, 2025
    Автобус апаты: екі аяғынан айырылған Алуаның туыстары елден көмек сұрап жатыр
    Жаңалықтар

    Автобус апаты: екі аяғынан айырылған Алуаның туыстары елден көмек сұрап жатыр

    9 Маусым, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Енді мектепте берілетін тамақта қант, май, тұз мөлшері азаяды

    Алдағы күндері 37 градус ыстық күтіледі

    Жол апатынан 15 студент қаза тапты

    Түркістан облысында 16 жастағы қызды өлтіріп кетті

    Ақордада Болгария президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

    Автобус апаты: екі аяғынан айырылған Алуаның туыстары елден көмек сұрап жатыр

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 508.5 ₸
    EUR EUR 580.66 ₸
    RUB RUB 6.44 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews