11 Шілде 2025, Жұма
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 518.34 ₸
    EUR EUR 607.91 ₸
    RUB RUB 6.66 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстан азық-түлік бағасының қолжетімділігі жағынан ЕАЭО-да көш бастап тұр

    8 Шілде, 2025
    Қазақстан азық-түлік бағасының қолжетімділігі жағынан ЕАЭО-да көш бастап тұр

    Фото: pixabay.com

    Өткен сенбіде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен жиында бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы қаралды.

    Онда айтылғандай, ерте піскен өнімді жаппай жинау басталысымен, алдын ала күтілгендей, әлеуметтік маңызы бар көкөністер бағасының өсуі тоқтап қана қоймай, төмендей бастаған.

    Егер сәуірде әлеуметтік өнімдердің орташа баға индексі 1,6%-ды құраса, мамырда өсу қарқыны 1%-ға, ал маусымда – 0,7%-ға төмендеді. Соңғы аптада өсім небары 0,1% болды. Сонымен қатар, үш апта қатарынан картоп бағасының 1,3%-ға төмендеуі байқалды. Өткен аптадан сәбіз бағасы 0,9%-ға арзандай бастады. Күріш, қарақұмық, жұмыртқа, ұн мен макорон өнімдерінің бағасы түсіп жатыр. Нан мен сүт бағасы тұрақты болып тұр, – деді сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.

    Қазақстанда отандық азық-түлік өндірісі артып келеді. 2025 жылдың 5 айында оның көлемі 10,5%-ға өсіп, 1,5 трлн теңгені құрады. Әлеуметтік азық-түлік тауарларының ішінде ең көп өсімді қызылша қанты (4,6 мың тоннадан 64 мың тоннаға дейін), өсімдік майы (316,3 мың тоннадан 376,8 мың тоннаға дейін), сары май (13 мың тоннадан 15 мың тоннаға дейін), ұн (1,3 млн тоннадан 1,4 млн тоннаға дейін), ашытылған сүт өнімдері (102 мың тоннадан 106 мың тоннаға дейін), өңделген сүт (264 мың тоннадан 274,6 мың тоннаға дейін) және тағы басқалары көрсетті.

    Қазақстан ЕАЭО елдері арасында әлеуметтік азық-түліктерге ең қолжетімді бағаға ие

    Жиында Қазақстан ЕАЭО елдері арасында азық-түліктің қолжетімділігі бойынша жетекші орынды сақтап отырғаны атап өтілді. ЕАЭО елдеріндегі әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының нарықтық бағасын салыстырмалы талдау олардың Қазақстанда анағұрлым қолжетімді екенін көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстанда тауық жұмыртқасы, ұн, нан, күнбағыс майы, тұз, күріш, картоп, қырыққабат, пияз, сәбіз ең төмен баға тіркелген.

    Төрт позиция бойынша: қарақұмық, қант, сиыр еті және сүт бойынша Қазақстандағы бағалар Беларусьтегі бағаға жақын. Сары май бойынша еліміз Беларусь пен Қырғызстаннан кейін үшінші орында, ал құс еті бойынша Беларусь пен Ресейден кейін.

    Коммуналдық қызметер тарифі

    Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болды (16,1%). Осыған байланысты Үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Олардың өсуін ішінара кейінге қалдырды.

    Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Астана күні: демалыста ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

    Келесі жазба

    АҚШ Қазақстанға 25% баж салығын енгізбек

    Ұқсас мақалалар

    Робот-хирург адамның көмегінсіз алғаш рет күрделі операцияны сәтті жасады
    Жаңалықтар

    Робот-хирург адамның көмегінсіз алғаш рет күрделі операцияны сәтті жасады

    10 Шілде, 2025
    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұшақта адамды құтқарып қалды
    Жаңалықтар

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұшақта адамды құтқарып қалды

    9 Шілде, 2025
    Қазақстанда азық-түлікке ақшасы жетпейтін отбасылар саны артып келеді
    Жаңалықтар

    Зейнетақы мен жәрдемақы қаншалықты өседі: министрлік нақты соманы атады

    9 Шілде, 2025
    Израиль Иранға қайта соғыс бастауы мүмкін
    Жаңалықтар

    Израиль Иранға қайта соғыс бастауы мүмкін

    8 Шілде, 2025
    2025 жылы ең қауіпсіз көліктер тізімі жасалды
    Жаңалықтар

    2025 жылы ең қауіпсіз көліктер тізімі жасалды

    8 Шілде, 2025
    Қазақстанда құстарды тамақтандырғандарға айыппұл салынады
    Жаңалықтар

    Қазақстанда құстарды тамақтандырғандарға айыппұл салынады

    8 Шілде, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Робот-хирург адамның көмегінсіз алғаш рет күрделі операцияны сәтті жасады

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұшақта адамды құтқарып қалды

    Зейнетақы мен жәрдемақы қаншалықты өседі: министрлік нақты соманы атады

    Израиль Иранға қайта соғыс бастауы мүмкін

    2025 жылы ең қауіпсіз көліктер тізімі жасалды

    Қазақстанда құстарды тамақтандырғандарға айыппұл салынады

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 518.34 ₸
    EUR EUR 607.91 ₸
    RUB RUB 6.66 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews