3 Ақпан 2026, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстан мен Қатар сотталған адамдарды беру туралы келісімге қол қойды

    24 Қараша, 2025
    Қазақстан мен Қатар сотталған адамдарды беру туралы келісімге қол қойды

    Фото: istockphoto.com

    Қазақстан мен Қатар енді сотталған адамдарды бір-біріне қайтаратын болды. Осыған байланысты келісімге қол қойды.

    Қатардың Бас Прокуроры доктор Иса бен Саад Әл-Нуаймимен келіссөздер барысында адам құқықтарын қорғау, қылмысқа қарсы күрес және халықаралық қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қатысты кең ауқымды мәселелері талқыланды.

    Қатар тарапы Қазақстан прокуратурасының негізгі қызметі мен басым бағыттары, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық, заңсыз алынған активтерді қайтару, инвесторлардың құқықтарын қорғау және қылмыспен күрес саласындағы мәселелер туралы хабардар болды.

    Сондай-ақ, қазақстандық қадағалау органының басшысы жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды пайдалану арқылы есірткінің заңсыз айналымы, ұйымдасқан қылмыс пен интернет-алаяқтық қылмыстарының жолын кесу, болдырмау және алдын алу бойынша екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы байланысын кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

    «Өз кезегінде практикалық тәжірибе алмасу мақсатында Қатар прокурорлары Қылмыстық зерттеулер институтының жұмысын, киберқылмыспен күресу бойынша қабылданып жатқан шараларын көрсетіп, кәсіби қызметін жақсартатын ақпараттық жүйелердің жұмысымен таныстырды.

    Кездесу нәтижесінде қадағалау ведомстволарының басшылары екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға маңызды екі халықаралық құжатқа қол қойды.

    Бірінші – Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы сотталған адамдарды беру туралы Келісім, ол шетелдік сот үкімімен тағайындалған сотталған адамдарға жазаны азаматтығы бар елде өтеуге мүмкіндік береді.

    Екінші – Екі елдің бас прокуратуралары арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандум, оның негізінде қадағалау қызметі бойынша тәжірибе, құқықтық және басқа да ақпарат алмасу жүзеге асырылады», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

    Айта кетейік, осыған дейін 2024 жылдың 14 ақпанында Қатармен ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісімдер жасалған болатын.

    Осылайша, енді Қазақстан Республикасы мен Қатар мемлекеті арасында қылмыстық іс жүргізу саласындағы толық шарттық құқықтық база қалыптасты, ол екі елдің қадағалау органдарының азаматтардың құқықтарын қорғау және қылмыспен күрес, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен құқық қорғау саласындағы күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді.

    Кездесу нәтижесі бойынша тараптар өзара қарым-қатынастардың қол жеткізілген деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтіп, оларды өзара мүдделі барлық салаларда одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Әке мен бала трагедиясы

    Келесі жазба

    «Мұқасан қашып жүр»: заңгер әріптесінен таяқ жеген Ғалымжанды ота күтіп тұрғанын айтты

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пәкістан Тоқаевтың сапарына дайындалып жатыр

    Павлодар облысында ер адам бойжеткенді жезөкше деп жалған ақпарат таратқаны үшін істі болды

    Қосшы тұрғыны мысықтың жатын орнын ұрлағаны үшін екі жылға сотталып кетті

    Орынбасарымен төбелесіп, басы дауға қалған: Серік Сәпиев қызметінен кетті

    Небары бір ай ішінде Қазақстанда жемқорлар 18 млрд теңгені жымқырып үлгерген

    Шымкентте аудандық полиция бастығы пара алғаны үшін 6 жылға сотталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸

    © 2025 TauNews