4 Ақпан 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда 2 млн теңге жалақысы бар жұмысқа маман табылмай жатыр

    12 Қараша, 2025
    Қазақстанда 2 млн теңге жалақысы бар жұмысқа маман табылмай жатыр

    Фото: freepik.com

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан хабарламада бос жұмыс орындары ұсынылған.

    Министрліктің мәліметінше, 2025 жылғы қазан айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер тарапынан 132 мың бос жұмыс орны мен 114,1 мың түйіндеме жарияланды.

    Қазан айында ең көп сұранысқа ие мамандықтардың қатарында жоғары біліктілік талап ететін қызметтер: тәрбиешілер (1,8 мың бос орын), бухгалтерлер (1,1 мың) және математика мұғалімдері (1 мың) басым болды. Орта деңгейлі мамандар арасында қазандық операторлары (6,9 мың), егін өсірушілер (2,2 мың) және медбикелер (1,9 мың) ерекше сұранысқа ие болды. Ізденушілер жағынан да ұқсас құрылым байқалды: жоғары білікті мамандар арасында ең жиі орналастырылған түйіндемелер бухгалтер (2,2 мың), заңгер (1,6 мың) және тәрбиеші (1,6 мың) мамандықтарына тиесілі. Орта біліктілік деңгейіндегі мамандардың ішінде қазандық операторлары (3,7 мың), медбикелер (1,9 мың) және автокөлік жүргізушілері (1,6 мың) бойынша түйіндемелер жиі кездесті.

    «Жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары еңбекақы деңгейлері өндіріс бастығының орынбасары (1 млн теңге), компьютерлік ойындар дизайнері (990 мың теңге) және омбудсмен (990 мың теңге) лауазымдары бойынша тіркелді. Ал ең жоғары еңбекақы күтулері коммерциялық әуе лайнерінің ұшқышы (2,8 млн теңге), өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі кенші (2 млн теңге) және басқарма төрағасының орынбасары (1,8 млн теңге) мамандықтарында байқалды. Ұсынылған және күтілетін еңбекақы деңгейлері арасындағы алшақтық әлі де сақталуда, әсіресе басқарушылық және техникалық сегменттерде.

    Жалпы алғанда, қазан айында еңбек нарығы тұрақтылығын көрсетті: сұраныс пен ұсыныс өңірлер және біліктілік деңгейлері бойынша біркелкі бөлінді. Әлеуметтік бағыттағы салалар (білім беру, денсаулық сақтау және қызмет көрсету) жұмыспен қамту құрылымында негізгі рөлін сақтап отыр. Көрсеткіштердің шамалы ауытқуы еңбек нарығының жазғы маусымнан кейін тұрақтанғанын және сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің қалыптасқанын білдіреді», – делінген министрлік хабарламасында.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанның бірқатар өңірінде көктайғақ болады: жүргізушілерге ескерту жасалды

    Келесі жазба

    Блогер Елдос «Колобок» әке атанды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пәкістан Тоқаевтың сапарына дайындалып жатыр

    Павлодар облысында ер адам бойжеткенді жезөкше деп жалған ақпарат таратқаны үшін істі болды

    Қосшы тұрғыны мысықтың жатын орнын ұрлағаны үшін екі жылға сотталып кетті

    Орынбасарымен төбелесіп, басы дауға қалған: Серік Сәпиев қызметінен кетті

    Небары бір ай ішінде Қазақстанда жемқорлар 18 млрд теңгені жымқырып үлгерген

    Шымкентте аудандық полиция бастығы пара алғаны үшін 6 жылға сотталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸

    © 2025 TauNews