Қазақстанда бензин алдымен 5 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы бүгін өз министрлігінде журналистерге брифинг өткізіп жатқан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.
«Біздің болжам бойынша, бензин бағасы бірінші қымбаттағанда 5 теңгеге қымбаттайды. Қазір біз нарықты осыған дайындап жатырмыз. Ары қарай, бензин бағасы күрт қымбаттаған жағдайда, мәселені шешіп отырамыз», – деді Сәтқалиев.
Энергетика министрі бензин 5 теңгеге қымбаттаған кезде бағаны күрт өсірген жанар-жағармай бекеттерін монополияға қарсы агенттік тексереді дейді.