3 Ақпан 2026, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда дәрігерге қол көтергендер 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

    12 Қараша, 2025
    Қазақстанда дәрігерге қол көтергендер 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

    Фото: istockphoto.com

    Қазақстанда дәрігерлерге күш көрсетіп, соққыға жығатындарды үш жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр. Тиісті норма көзделген заң жобасы Мәжілістің қарауына түскен. Бұл туралы депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

    Депутаттар Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодексктерге өзгерістер енгізуді ұсынған.

    «Қазір, өкінішке қарай, дәрігерлерді, тіпті біреудің үйіне келген жедел жәрдем жүргізушісін де, фельдшерлерді де ұрып-соғу фактілері көп. Ауруханада жұмыс істеп жүрген дәрігерлерді де ұрып кетіп жатқан жағдайлар бар. Осыған байланысты дәрігерлердің өздері тіпті біз бұл салада жұмыс істей алмаймыз, бізге тиісті жағдай жасаңдар деп айтып жатыр. Талаптары дұрыс. Сондықтан біз ең алдымен қылмыстық жазаны қатаңдатуды ұсындық», – деп түсіндірді Аймағамбетов Мәжіліс кулуарында.

    Депутаттың айтуынша, мысалы дәрігерді итеріп жіберсе немесе денсаулығына нұқсан келтірмей ұрса, онда 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру, 1 000 АЕК айыппұл не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту жазасы ұсынылып отыр.

    «Ал одан да қатты соққыға жықса, адамның денсаулығына қауіп төнетін болса, онда 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы норма бар. Біздің ойымызша, бұл өте қажет. Бірінші кезекте дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілерін қорғау үшін жасалып отыр», – деді Аймағамбетов.

    Осы заң жобасы бойынша жұмыс тобы құрылып, құжат жақын арада бірінші оқылымға шығады, деп атап өтті мәжілісмен.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    «Марказдан» басталған майдан

    Келесі жазба

    Режеп Тайып Ердоғанның саяси қарсыласы 2352 жылға дейін сотталуы мүмкін

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пәкістан Тоқаевтың сапарына дайындалып жатыр

    Павлодар облысында ер адам бойжеткенді жезөкше деп жалған ақпарат таратқаны үшін істі болды

    Қосшы тұрғыны мысықтың жатын орнын ұрлағаны үшін екі жылға сотталып кетті

    Орынбасарымен төбелесіп, басы дауға қалған: Серік Сәпиев қызметінен кетті

    Небары бір ай ішінде Қазақстанда жемқорлар 18 млрд теңгені жымқырып үлгерген

    Шымкентте аудандық полиция бастығы пара алғаны үшін 6 жылға сотталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸

    © 2025 TauNews