Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.
«АЭС-тің бірінші блогын салуға қандай да бір сын-қатерлер кедергі келтірмесе, 10-12 жыл кетуі мүмкін. Бірақ біз технология бір орында тұрмайтынын түсініп отырмыз. Әлемдегі орташа мерзімдерді ескерсек, бірнінші блокты 8 жылба салып бітіру үшін ресми вендорлардың алдына мерзімді жылдамдату туралы мәселе қоя аламыз», — деді ол
2024 жылы АЭС салу бойынша референдум өтті. Референдумда 7 820 204 адам дауыс берген. 5 561 937 адам АЭС құрылысын қолдаған.
Тәуелсіз бақылаушылар референдумның ашық өтпегенін айтқан.
Тәуелсіз бақылаушылардың жұмысына кедергі келтіріліп, түрлі заңсыздық болған.