4 Ақпан 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағына көзін де емдете алмайтын болды

    4 Желтоқсан, 2025
    Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағына көзін де емдете алмайтын болды

    Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

    Отбасы банк Enpf-otbasy.kz платформасы арқылы офтальмологиялық қызметтерге өтінім қабылдау тоқтатылғанын мәлімдеді.

    Отбасы банктің ақпаратынша, Денсаулық сақтау министрлігінің біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану ережелеріне енгізген өзгерістеріне байланысты көз емдеу қызметтеріне өтінім қабылдау тоқтатылды. Тиісті бұйрық 3 желтоқсан күні жарияланған. Жаңа ережелерге сәйкес, зейнетақы қаражатын стоматологияға да, офтальмологияға да пайдалануға рұқсат берілмейді.

    «Enpf-otbasy.kz платформасы біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен офтальмологиялық қызметтерді төлеуге арналған өтінімдерді 2025 жылғы 4 желтоқсаннан бастап қабылдамайды. Бірақ осы күнге дейін жіберілген барлық өтінім белгіленген тәртіппен қаралады», – делінген хабарламада.

    Қазір Отбасы банкте «офтальмология» бағыты бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңге болатын 15 808 өтінім бар. Оның ішінде:

    5131 өтінім (4,6 млрд теңге) бойынша банк мамандары құжаттарды тексеріп жатыр;
    10 677 өтінім (8,7 млрд теңге) бойынша клиенттерден қосымша құжат сұралуда.
    Отбасы банк стоматология бойынша өтінімдер тоқтатылғаннан кейін офтальмологияға сұраныс күрт артқанын атап өтті. 15 қыркүйекке дейін айына орташа 174 өтінім мақұлданса, шектеулер енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш 7 есе, яғни 1 264 өтінімге дейін өскен.

    «Сонымен қатар, банк бірқатар күмәнді жағдайды анықтады. Әртүрлі клиенттер бір офтальмологиялық клиникамен келісімшарт жасаса да, құжаттарда клиника әр қалада орналасқан түрлі мекенжайлармен көрсетілген. Тексеріс барысында бұл мекенжайларда мұндай клиниканың жоқ екені белгілі болды», – деп мәлімдеді ведомство.

    Бірқатар бағыт тоқтатылғанына қарамастан, азаматтар зейнетақы жинағының артылған бөлігін әлі де маңызды және қымбат ем түрлеріне пайдалана алады, дейді Отбасы банк. Олар:

    орфандық (сирек) ауруларды емдеу;
    реконструктивтік және қалпына келтіру операциялары;
    радионуклидті және радио-йод терапия;
    радиохирургиялық ем;
    протондық терапия.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, бір адам қаза болды

    Келесі жазба

    Қарағандыда инкассатор көлігі апатқа ұшырап, бір адам қаза болды, бірнеше млн тг өртеніп кетті

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пәкістан Тоқаевтың сапарына дайындалып жатыр

    Павлодар облысында ер адам бойжеткенді жезөкше деп жалған ақпарат таратқаны үшін істі болды

    Қосшы тұрғыны мысықтың жатын орнын ұрлағаны үшін екі жылға сотталып кетті

    Орынбасарымен төбелесіп, басы дауға қалған: Серік Сәпиев қызметінен кетті

    Небары бір ай ішінде Қазақстанда жемқорлар 18 млрд теңгені жымқырып үлгерген

    Шымкентте аудандық полиция бастығы пара алғаны үшін 6 жылға сотталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸

    © 2025 TauNews