3 Ақпан 2026, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазы-қарта мен жал-жаяны оқушылар мен әскерилердің күнделікті асына енгізу: депутат ерекше бастама көтерді

    19 Қараша, 2025
    Қазы-қарта мен жал-жаяны оқушылар мен әскерилердің күнделікті асына енгізу: депутат ерекше бастама көтерді

    Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

    Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде ерекше орын алатын жылқы еті мен қымыз бүгінде әлеуеті жоғары сала бола тұра, толық пайдаланылмай отыр. Бұл жайлы Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Аманжол Әлтай өзінің депутаттық сауалында айтты.

    «Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жылқы басы екі таңбалы өсім көрсеткен. Бұл жылқы етінің ішкі нарығында тұрақты шикізат қоры қалыптасқанын білдіреді. Соған қарамастан, жылқы түлігін тиімді пайдалану жолдары әлі жүйеленбеген. Көбіне мал қара базарларда немесе көрші елдерге арзан бағамен сатылып жатыр. Балабақшалар, мектептер, колледждер, медицина ұйымдары, сондай-ақ әскерилер мен өндіріс орындарының жұмысшыларына жылқы етін енгізу халық денсаулығын нығайтатын маңызды қадам», – дейді Әлтай.

    Оның айтуынша, қазіргі таңда көптеген ұйымның үлгілік тізімдерінде жылқы еті қарастырылмаған.

    «Бұған қоса, бірегей техникалық карталар, сапа талаптары, сатып алу әдістемелері жоқ, ал фермерден тікелей кооперативтік сатып алу жүйесі мүлде реттелмеген.Жылқы еті өндірісі ондаған мың тоннаға жетсе де, ресми экспорт көлемі жылына небәрі 0,2 тонна шамасында қалып отыр», – деді Аманжол Әлтай.

    Негізгі себептер:

    • сертификаттау талаптарының қиындығы,
    • инфрақұрылымдық шектеулер,
    • сыртқы нарықтарға шығу механизмдерінің дамымауы.

    Экспортты ұлғайту ұлттық өнімнің халықаралық нарықтағы орнын күшейтіп, шикізаттық емес валюталық түсімді арттыра алады.

    Депутат жылқы еті нарығын реттеу және дамыту үшін Үкіметке келесі ұсыныстарды жолдады:

    • Балабақшалар, мектептер, колледждер мен медицина ұйымдарының үлгілік тізіміне және әдістемелік ұсынымдарына жылқы етін енгізу.
    • Әскерилерді тамақтандыру нормаларына жылқы етін қосу мүмкіндігін қарастыру.
    • Әлеуметтік нысандар сатып алуларында қызыл еттің кемінде 25–30%-ын жылқы етімен алмастыруды көздейтін 12 айлық пилоттық жобаны іске қосу.
    • Фермер-жылқышылардан өнімді Азық-түлік корпорациясы арқылы тікелей сатып алу механизмін әзірлеу.
    • Жылқы етін сатып алуға арналған үлгілік техникалық тапсырмалар әзірлеу.
    • ДСМ, Оқу-ағарту, Сауда, СІМ, әкімдіктер және салалық қауымдастықтардың қатысуымен KPI-мен нақты іс-шаралар жоспарларын бекіту.

    Жылқы етін нарыққа шығаруда сапалы жүйе қалыптасса:

    • рацион құрамының сапасы жақсарады,
    • өңдеу саласы дамиды,
    • ауыл шаруашылығы табысы артады,
    • ұлттық өнімнің экспорттық әлеуеті күшейеді.
    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    «Аса ауыр қылмысқа қатысы бар 185 қылмыстық топ ұсталды»: ІІМ басшысы президентке есеп берді

    Келесі жазба

    Қазақстанда 2,5 млн зейнеткер бар: оларға қанша зейнетақы төленетіні белгілі болды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пәкістан Тоқаевтың сапарына дайындалып жатыр

    Павлодар облысында ер адам бойжеткенді жезөкше деп жалған ақпарат таратқаны үшін істі болды

    Қосшы тұрғыны мысықтың жатын орнын ұрлағаны үшін екі жылға сотталып кетті

    Орынбасарымен төбелесіп, басы дауға қалған: Серік Сәпиев қызметінен кетті

    Небары бір ай ішінде Қазақстанда жемқорлар 18 млрд теңгені жымқырып үлгерген

    Шымкентте аудандық полиция бастығы пара алғаны үшін 6 жылға сотталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸

    © 2025 TauNews