Қазақстанның үкіметі қосымша құн салығының мөлшерін 16% деңгейінде бекітуді ұсынды. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Салық кодексін бірінші оқылымда таныстырып жатқан премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.
Қосылған құн салығы 16% болады. Қосылған құн салығы бойынша шек 40 млн теңге мөлшерінде белгіленеді.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология – қосылған құн салығын төлеуден босатылады. Сонымен қатар, әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында Үкімет қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін айқындайтын болады. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болады, деді министр.
Айтуынша, әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы – 2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10% болады.
Банк операцияларына қосылған құн салығы салынады. Олардың бағасының өсуіне жол бермеу үшін Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп ағымдағы бағалардың дұрыстығына талдау жүргізеді. Сондай-ақ арнаулы салық режимі бойынша рұқсат етілген тізім емес, тыйым салынған тізім енгізіледі. Тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі.
Ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бойынша ештеңе өзгермейді. Яғни, 70% жеңілдік қалады. Өндеу өнеркәсібіне корпоративтік табыс салығының 20% мөлшерлемесі бойынша салық салынады.