14 Қазан 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 448.45 ₸
    EUR EUR 501.59 ₸
    RUB RUB 5.36 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Құран жарысында бірінші орын алған жас қариге көлік берілді

    7 Қыркүйек, 2026
    Құран жарысында бірінші орын алған жас қариге көлік берілді

    Фото: Мүфтият

    Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XV республикалық байқау өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған жарысқа еліміздің әр өңірінен 80 үміткер қатысты.

    Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Бас мүфти, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттады. Жүлде қоры демеушілердің қолдауымен қалыптастырылған.

    Құранды толық жатқа айту санатында Маңғыстау облысының өкілі Рахымжан Ержанұлы үздік атанып, басты жүлде ретінде автокөлікке ие болды.

    Бұл санатта екінші орынға Ұлытау облысынан келген Ахмад Махмадраджабұлы лайық деп танылып, 5 млн теңге алды. Үшінші орын иегері Нұртілеу Серікұлына 4 млн теңге, төртінші орын алған Бекзат Дулатұлына 2 млн теңге, ал бесінші орын иегері Мансұрхан Сарварханұлына 1,5 млн теңге табысталды.

    Құранның 20 парасын жатқа оқу бағыты бойынша Астана қаласының өкілі Айқын Ақылбекұлы бірінші орын алып, 3 млн теңге жүлдеге ие болды. Екінші орын алған Нұрислам Фархадұлына 2 млн теңге, үшінші орын иегері Рахимәлі Хожаниязұлына 1,5 млн теңге берілді. Төртінші орынға Мұхаммад Хамзаәліұлы, бесінші орынға Махмұт Жолдасұлы ие болып, тиісінше 800 мың және 500 мың теңге алды.

    10 параны жатқа оқу бойынша Алматы облысының өкілі Мұхаммед-Жүсіп Нұрасылұлы жеңімпаз атанып, 1,5 млн теңге алды. Екінші орынды Омар Махамбетұлы иеленсе, үшінші орын Біләл Нәдірұлына бұйырды. Оларға сәйкесінше 1 млн және 750 мың теңге табысталды.

    Ал Құранды мәнерлеп оқу номинациясында Павлодар облысының өкілі Нұрмұрат Абдулла үздік деп танылып, 700 мың теңге иеленді. Екінші орынға Мұсабек Мәделіұлы, үшінші орынға Хабибулла Исмаханұлы жайғасты. Жүлдегерлерге 500 мың және 300 мың теңгеден табысталды.

    Байқау барысында ең жас қарилар да назардан тыс қалмады. 10 пара бойынша бақ сынаған Шығыс Қазақстан облысының 9 жастағы Ахмет Нұрланұлы мен Қарағанды облысының 9 жастағы Әбділәзиз Әбдулбасит «Көрермен көзайымы» аталымымен марапатталып, әрқайсысына 300 мың теңгеден берілді.

    Жарысқа қатысып, жүлделі орындарға іліге алмаған үміткерлердің әрқайсысына да ынталандыру ретінде 80 мың теңгеден табысталды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Тәңіршілдік – қазақтың шынайы діні ме?

    Келесі жазба

    Жаңа туған сәбидің денесіндегі алып ісік алынды: операция Алматыда жасалды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстанда кәсіпкерлер саны 3,2 миллионға жетті

    Қазақстан бюджетіне салық түсімдері 19,3 трлн теңгеге жетті

    Астанада Филиппин елшілігі ашылуы мүмкін

    Тоқаев Бельгия королі мен патшайымына Ұлттық музейді таныстырды

    Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу емтихандарының тәртібі өзгерді: ІІМ түсініктеме берді

    БҚО-да төрт бала соттан әкесіне қайтаруды сұрады

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 448.45 ₸
    EUR EUR 501.59 ₸
    RUB RUB 5.36 ₸

    © 2025 TauNews