Астанада 23 тамызда, Құрылтай сайлауы өткен күні, 25 сәби дүниеге келді. Елорда тұрғындары сайлау учаскелеріне барып өз таңдауын жасап жатқан уақытта, бірнеше отбасы перзентханадан қуанышты хабар алып, нәрестелерін бауырына басты.
Астана әкімдігінің хабарлауынша, сол күні дүниеге келген 25 сәбидің 14-і ұл, 11-і қыз.
Сәбиінің дүниеге келуі әр отбасы үшін өмірдегі ең маңызды әрі есте қаларлық оқиғалардың бірі. Осылайша 23 тамыз 25 елордалық отбасы үшін ерекше қуанышқа толы күн болды.
Қаладағы медициналық ұйымдарда ана мен балаға қажетті көмек тәулік бойы көрсетілуде. Дәрігерлер мен медицина мамандары жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығын бақылап, қажетті медициналық қызмет көрсетіп келеді.
Әкімдік мәліметінше, елордада ана мен бала денсаулығын қорғауға айрықша мән беріліп, жүктілік пен босану кезеңіндегі әйелдерге және нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмыстары жалғасуда.
USD