3 Ақпан 2026, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    «Қызылжар» футбол клубы олигархтың меншігіне өтті

    10 Қараша, 2025
    «Қызылжар» футбол клубы олигархтың меншігіне өтті

    Фото:«QYZYLJAR»

    Петропавлдың «Қызыл-Жар» футбол клубы жекеменшік иелікке өтті. Маңызды келісімге қол қойылды. Енді «Қарасай» стадионы аталмыш клубтың сенімгерлік басқаруына берілмек.

    Спорт клубтарын жекешелендіру – бұл мемлекет басшысының тапсырмасы. Жергілікті басылым хабарлағандай, «Қызылжардың» инвесторы болып кәсіпкер Сергей Кан анықталды. Басқаруды тиімді жаңғырту мақсатында ол «QYZYLJAR» футбол клубы жеке мекемесін тіркеді.

    Келісімге сәйкес, ол ҚФФ, FIFA және UEFA ұйымдастыратын жарыстарға қатысу құқығын, спорттық брендті, инфрақұрылымды және барлық зияткерлік меншік нысанын қабылдап алды. Команда бұдан былай да қызыл-қара түсте өнер көрсетуді жалғастырады.

    Сонымен қатар клубтың бұрынғы иесі барлық құқық берілгеннен кейін туындауы мүмкін заңды істер бойынша жауапкершілікті өз мойнына алады. Жергілікті әкімдік пен жаңа инвестор бірлесіп, клубты қаржыландыру туралы уағдаластыққа келді. Сондай-ақ, команда үшін жаңа спорттық база салу жоспарда бар. Ол футболшыларға жайлы тұрғын үй жағдайын және толыққанды дайындық процесін қамтамасыз етпек.

    Бұған қоса, Петропавлдағы «Қарасай» стадионын клубтың сенімгерлік басқаруына беру көзделуде. Қазір уәкілетті органдармен келіссөздер жүріп жатыр. Бұл шешім спорт инфрақұрылымын тиімді пайдаланып, үй матчтары мен оқу-жаттығу жиындарының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

    Клубтың бас менеджері қызметіне тәжірибелі маман Әлішер Апсалямов тағайындалды. Ол бұған дейін «Sarajevo» (Босния және Герцеговина), «Cardiff City» (Ұлыбритания, Уэльс), «Қайрат», «Каспий», «Атырау» және «Тобыл» клубтарында жұмыс істеген.

    «Жақын арада команда Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бір жарым ай ішінде жаңа маусымға арналған құрам жасақталады. Біз қазақстандық және халықаралық нарықты мұқият зерделеп, футболшыларды сапалы іріктеуден өткіземіз», – деді Әлішер Апсалямов.

    «QYZYLJAR» футбол клубы Қазақстанда жекешелендіру процесін сәтті жүзеге асырған алғашқы командалардың бірі.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Түркістан облысында энергетикалық сусын ішкен ер адам есінен танып, құлап қалды

    Келесі жазба

    Интернеттегі иман саудасы

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пәкістан Тоқаевтың сапарына дайындалып жатыр

    Павлодар облысында ер адам бойжеткенді жезөкше деп жалған ақпарат таратқаны үшін істі болды

    Қосшы тұрғыны мысықтың жатын орнын ұрлағаны үшін екі жылға сотталып кетті

    Орынбасарымен төбелесіп, басы дауға қалған: Серік Сәпиев қызметінен кетті

    Небары бір ай ішінде Қазақстанда жемқорлар 18 млрд теңгені жымқырып үлгерген

    Шымкентте аудандық полиция бастығы пара алғаны үшін 6 жылға сотталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 503.44 ₸
    EUR EUR 593.35 ₸
    RUB RUB 6.55 ₸

    © 2025 TauNews