4 Тамыз 2025, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 543.24 ₸
    EUR EUR 619.89 ₸
    RUB RUB 6.78 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Шерзат Полаттың ағасының өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

    4 Тамыз, 2025
    Шерзат Полаттың ағасының өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

    Шерзат Полаттың ағасының өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

    Марқұм Шарзат Полат отбасының адвокаты Мейірман Шекеев өзігің Instagram парақшасында Нұрқанат Ғайыпбаевтың қазасына байланысты істің тоқтағанын хабарлады.

    – Нұрқанаттың ісі тоқтатылды. Алайда біз болашақта істі жандандыру үшін өтінішхат түсіреміз, – деп жазды ол.

    Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша апелляциялық сот отырысы 18 тамыз күні Алматы облыстық сотында өтеді.

    Іс бойынша сотталған тоғыз адамның сегізі апелляциялық шағым түсірген. Тек Думан Ысқақ қана шағым беруден бас тартқан. Ол жақында бостандыққа шыққан. Сот Думан Ысқақты 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырған.

    Абзал Шынасыл 23, Равиль Сакиев 20, Азамат Тоқтаубаев 15 , Нұрқияс Ілиясов 9, Шыңғыс Белғожаев, Дидар Қалиахмет, Дархан Әскентай және Нұрбол Тоқтаубаев  7 жылға сотталған.

    16 жастағы Шерзат Полат 2024 жылы 4 қазанда Талғар қаласындағы отбасы жалға алып отырған дүкен маңында өлтірілген. Сатып алушылардың бірімен болған жанжалдың аяғы төбелеске ұласып, Шерзат пышақ жарақатынан мерт болған. Немере ағасы жараланған. Марқұмның туыстары оқиғаға «Хутор» бандасының қатысы бар екенін айтты. Бірақ полиция бұндай топтың барын жоққа шығарды. Топтың басшысы делінген Хасан Қасымбаев өзі жайлы тараған ақпаратты жоққа шығарып, жұрттан өзі туралы жалған ақпарат таратпауды сұрады. Қарашада Қасымбаев 2021 жылғы оқиғаға байланысты «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» және «Адам ұрлау» баптары бойынша күдікке ілініп, қамауға алынды.

    Оқиғадан бір апта өткенде қара жамылған отбасының үйі түгелдей өртеніп кетті. Кейіннен полиция өрт әдейі қойылғанын хабарлады. Наурызда бас прокуратура Шерзат Полаттың үйін өртегендер әлі табылмағанын айтты.

    Былтыр қарашада марқұм Шерзат Полаттың немере ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев Азат ауылының шетінде өлі күйінде табылды. Полиция дерегінше, ол өзіне қол жұмсаған. Бірақ Ғайыпбаевтың туыстары оның суицид жасағанына сенбейді.

    Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы шығарылған күні Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов Азат ауылында қолына пышақ ұстап, жүк көлігінің үстіне шығып, ұлы мен інісінің ісін әділ тергеуді талап етті. Осыдан соң оның үстінен «бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалып, 15 тәулікке қамалды.  Кейіннен «Өзгенің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Адвокаттары Қаржаубай Нұрымов інісінің жаназасы болған күні полицияның арнаулы жасағы мінген көліктің дөңгелегін жарып тастағаны үшін жауапқа тартылғанын хабарлады. Онымен қатар Нұрымовтың туысы Бақыт Реймова «жұртты заңсыз митингіге шақырып, бейбіт жиын тәртібін бұзды» деген айыппен 15 күнге әкімшілік қамауға алынды. Ал қарындасы Салтанат Нұрымоваға «ұсақ бұзақылық жасағаны үшін» 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев дүниеден өтті

    Келесі жазба

    Көлік вице-министрі ұсталды

    Ұқсас мақалалар

    Қазақстан сотта мұнай алпауыттарынан жеңіліп қалды
    Жаңалықтар

    Қазақстан сотта мұнай алпауыттарынан жеңіліп қалды

    4 Тамыз, 2025
    Қазақстанда педофилдерге түрмеде кастрация жасалуы мүмкін
    Жаңалықтар

    Қазақстанда педофилдерге түрмеде кастрация жасалуы мүмкін

    4 Тамыз, 2025
    «Хутор» бандасының серкесі делінген Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа түсті
    Жаңалықтар

    «Хутор» бандасының серкесі делінген Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа түсті

    4 Тамыз, 2025
    Көлік вице-министрі ұсталды
    Жаңалықтар

    Көлік вице-министрі ұсталды

    4 Тамыз, 2025
    Ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев дүниеден өтті
    Жаңалықтар

    Ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев дүниеден өтті

    4 Тамыз, 2025
    Ер адам қыз балаға бір түндік неке ұсынған: ҚМДБ мәлімдеме жасады
    Жаңалықтар

    Ер адам қыз балаға бір түндік неке ұсынған: ҚМДБ мәлімдеме жасады

    1 Тамыз, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан сотта мұнай алпауыттарынан жеңіліп қалды

    Қазақстанда педофилдерге түрмеде кастрация жасалуы мүмкін

    «Хутор» бандасының серкесі делінген Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа түсті

    Көлік вице-министрі ұсталды

    Шерзат Полаттың ағасының өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

    Ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев дүниеден өтті

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 543.24 ₸
    EUR EUR 619.89 ₸
    RUB RUB 6.78 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews