3 Ақпан 2026, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 505.17 ₸
    EUR EUR 599.54 ₸
    RUB RUB 6.59 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Шымкентте аудандық полиция бастығы пара алғаны үшін 6 жылға сотталды

    3 Ақпан, 2026
    Шымкентте аудандық полиция бастығы пара алғаны үшін 6 жылға сотталды

    Фото: Polisia.kz

    Шымкент қаласында аудандық полиция басқармасының бастығы аса ірі көлемде пара алғаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылды.

    Қаланың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалған іс қаралды. Тергеу дерегіне сәйкес, Тұран аудандық полиция басқармасын басқарған азамат Т. өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша күдіктінің айыптау бабын жеңілдетуге уәде берген. Сол үшін ол 6 миллион теңге көлемінде пара алған.

    Сотта ұсынылған дәлелдемелер қатарына куәлардың айғақтары, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері, сараптама қорытындылары мен заттай айғақтар болды. Бұл құжаттар сотталушының кінәсін толық растады.

    Мемлекеттік айыптаушы соттан Т.-ны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырып, 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал сотталушы өз кінәсін мойындамай, өзін ақтауды талап етті және сотта жауап беруден бас тартты.

    Сот істі қарау барысында қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайларды анықтамады. Керісінше, қызметтік антты бұза отырып қылмыс жасауы жауапкершілікті ауырлататын жағдай ретінде бағаланды.

    Нәтижесінде сот Т.-ны Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ ол арнайы шенінен айырылды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қаңтар айында ҰБТ тапсырған түлектердің орташа балы – 64

    Келесі жазба

    Небары бір ай ішінде Қазақстанда жемқорлар 18 млрд теңгені жымқырып үлгерген

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пәкістан Тоқаевтың сапарына дайындалып жатыр

    Павлодар облысында ер адам бойжеткенді жезөкше деп жалған ақпарат таратқаны үшін істі болды

    Қосшы тұрғыны мысықтың жатын орнын ұрлағаны үшін екі жылға сотталып кетті

    Орынбасарымен төбелесіп, басы дауға қалған: Серік Сәпиев қызметінен кетті

    Небары бір ай ішінде Қазақстанда жемқорлар 18 млрд теңгені жымқырып үлгерген

    Шымкентте аудандық полиция бастығы пара алғаны үшін 6 жылға сотталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 505.17 ₸
    EUR EUR 599.54 ₸
    RUB RUB 6.59 ₸

    © 2025 TauNews