Ислам – мейірім мен бейбітшілік діні. Алла тағала адамзат баласына «бір болуды әрі бауырмал болуды» – бұйырған. Ал, қоғамның ынтымағын бұзуға тыйым салынған. Жастарды азғырушы ағымдар сыртта отыр. Ақпараттық технологиялар мен жаһандану процестерін ұтымды пайдалануда. Діни сауатсыздығын буквализммен бүркеп, адами құндылықтардың жұтаңдығын жалаң ұранмен ақтағандар қатарында Сәттібек де болды. Таяу Шығыстағы лаңкестерді қолдаған жерлесіміз қазір жазасын өтеп жатыр.