1 Шілде 2025, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 519.64 ₸
    EUR EUR 609.23 ₸
    RUB RUB 6.62 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Тоқаев Антикорды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қатарына қосты

    30 Маусым, 2025
    Тоқаев Антикорды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қатарына қосты

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін Ұлттық қауіпсіздік қызметінің құрамына қосу туралы қаулы шығарды.

    Ақорда мәтіні:

    Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 5) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін жаңғырту және арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
    1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырылсын.
    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (бұдан әрі – Қызмет) құрылсын.
    3. Қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілсін.
    4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігін берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.
    5. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы
    11 наурыздағы № 552 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде:
    «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)» деген жол алып тасталсын.
    6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:
    1) Қызмет туралы ереженің жобасын;
    2) Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) берілетін функциялары мен өкілеттіктеріне сәйкес штат санын қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды енгізсін.
    7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Агенттік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлық жобасын енгізсін.
    8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі екі ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдасын.
    9. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін осы Жарлықтан туындайтын заң жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін.
    10. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
    11. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Алдағы күндері 44 градус ыстық күтіледі

    Келесі жазба

    Экс-министр Марат Бекетаев 9 жылға сотталды

    Ұқсас мақалалар

    Экс-министр Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
    Жаңалықтар

    Экс-министр Марат Бекетаев 9 жылға сотталды

    30 Маусым, 2025
    Алдағы күндері 44 градус ыстық күтіледі
    Жаңалықтар

    Алдағы күндері 44 градус ыстық күтіледі

    30 Маусым, 2025
    Нұрлан Сауранбаев көлік министрі болып тағайындалды
    Жаңалықтар

    Нұрлан Сауранбаев көлік министрі болып тағайындалды

    30 Маусым, 2025
    Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды
    Жаңалықтар

    Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

    30 Маусым, 2025
    Ер адам анасына дұрыс тамақ бермеді деген сылтаумен келінін атып тастады
    Жаңалықтар

    Ер адам анасына дұрыс тамақ бермеді деген сылтаумен келінін атып тастады

    26 Маусым, 2025
    Шабуыл жасалған Руслан Берденов лауазымды қызметінен кетті
    Жаңалықтар

    Шабуыл жасалған Руслан Берденов лауазымды қызметінен кетті

    26 Маусым, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Экс-министр Марат Бекетаев 9 жылға сотталды

    Тоқаев Антикорды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қатарына қосты

    Алдағы күндері 44 градус ыстық күтіледі

    Нұрлан Сауранбаев көлік министрі болып тағайындалды

    Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

    Ер адам анасына дұрыс тамақ бермеді деген сылтаумен келінін атып тастады

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 519.64 ₸
    EUR EUR 609.23 ₸
    RUB RUB 6.62 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews