«НеМолчи» қоры Түркістан облысында орын алған жантүршігерлік оқиға туралы ақпарат таратты.
Қордың мәліметінше, 16 жастағы қыз бірнеше адам тарапынан зорланып, артынша өлтірілген. Бұл жағдай 6 маусымында Төрткүл ауылында болғаны айтылған.
Қоғам белсенділері бұл деректі шұғыл желіге түскен анонимді телефон қоңырауы арқылы алған. Белгісіз тұлға қоңырау кезінде болған оқиғаның барлық егжей-тегжейін баяндап бергенімен, қор әзірге тек басты мәліметтерді ғана жариялаған. Айтуларынша, марқұм қыз өз отбасының дүкенінде жұмыс істеп жүрген, оқиға сол жерден үйіне қайтып бара жатқанда болған. Күдіктілердің шетелдік еңбек мигранттары болуы мүмкін деген де мәлімет келтірілген.
Полиция ақпаратты растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Алайда тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның басқа да мән-жайлары, соның ішінде зорлық-зомбылық фактісі мен күдіктінің жеке басына қатысты ақпарат әзірге жария етілмей отыр.