Шетелдегі күмәнді бейресми діни оқу орындары (марказдар, хұджралар) сырттан келген студенттерге дұрыс діни білім бермейді. Ондағы псевдошейхтар діни терминдерді бұрмалап, жастарға зорлық-зомбылыққа негізделген идеологияларын дәріптейді. Түрлі қауіпті ұйымдарға жанкешті ретінде тартады. Бұған Мысырға діни ілім аламын деп барып, тәкпіршіл топтың уысына түскен Бақтиярдың өмірі дәлел. Қазір ол халықаралық террористік ұйымның сапында болып, зұлымдықты дәріптегені үшін жазасын өтеп жатыр.