14 Қазан 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 448.45 ₸
    EUR EUR 501.59 ₸
    RUB RUB 5.36 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Жаңа туған сәбидің денесіндегі алып ісік алынды: операция Алматыда жасалды

    7 Қыркүйек, 2026
    Жаңа туған сәбидің денесіндегі алып ісік алынды: операция Алматыда жасалды

    Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

    Қазақстандық хирургтер жаңа туған нәрестенің денесінен салмағы 2 келі болатын ірі ісікті алып тастады. Сәби 18 тамызда дүниеге келген. Оның туған кездегі салмағы 4 келі болған, яғни ісіктің салмағы баланың жалпы салмағының жартысына тең.

    Нәресте дүниеге келгеннен кейін бірден оның жағдайын мамандар бақылауына алған. Неонаталдық реаниматологтар мен хирургтерден құралған медициналық топ перзентханаға барып, сәбиді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізді.

    Бала жансақтау бөліміне жатқызылып, шұғыл операцияға дайындалды. Дәрігерлердің айтуынша, хирургиялық араласуды кейінге қалдыруға болмайтын. Мамандардың бағалауынша, уақытында ем жасалмаса, ісік алдағы айларда қатерлі сипатқа ауысуы мүмкін еді.

    Келесі күні хирургтер операция жасап, ісікті толық алып тастады. Мамандар бұл жағдайды медициналық тәжірибедегі күрделі операциялардың бірі ретінде бағалады.

    Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы бөлімінің меңгерушісі Саматбек Мырзахметтің айтуынша, нәрестеде сегізкөз-құйымшақ аймағында дамыған тератома анықталған. Мұндай ісік құрамында сүйек және жұмсақ тіндермен қатар кистозды қуыстар сияқты әртүрлі құрылымдар болуы мүмкін.

    «Ісіктің салмағы 2 келі болды. Баланың туған кездегі салмағы 4 келі екенін ескерсек, оның денесінің шамамен жартысын ісік алып жатқан. Операция сәтті өтті. Ісікті алып тастағаннан кейін бірден пластикалық ота жасалды. Қазір тігіс орны көзге түспейді және болашақта балаға кедергі келтірмейді», — деді дәрігер.

    Операциядан кейін нәрестенің жағдайы тұрақталған. Қазір оның денсаулығы жақсы, ал жақындары баланы үйіне шығаруға дайындалып жатыр.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Құран жарысында бірінші орын алған жас қариге көлік берілді

    Келесі жазба

    Астана – Қарағанды трассасында болған ауыр апат ЖИ камерасына түсіп қалды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстанда кәсіпкерлер саны 3,2 миллионға жетті

    Қазақстан бюджетіне салық түсімдері 19,3 трлн теңгеге жетті

    Астанада Филиппин елшілігі ашылуы мүмкін

    Тоқаев Бельгия королі мен патшайымына Ұлттық музейді таныстырды

    Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу емтихандарының тәртібі өзгерді: ІІМ түсініктеме берді

    БҚО-да төрт бала соттан әкесіне қайтаруды сұрады

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 448.45 ₸
    EUR EUR 501.59 ₸
    RUB RUB 5.36 ₸

    © 2025 TauNews