Малайзияның Перак штатында автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан Сұлтан Идрис атындағы Білім университетінің кемінде 15 студенті қаза тапты.
Оқиға 1:10 шамасында жергілікті уақытпен тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, екі көлік бір бағытта келе жатқан. Қатты соққыдан автобус аударылып, жеңіл көлік жол жиегіне ұшып кеткен.
Қайғылы оқиға салдарынан 13 адам оқиға орнында жан тапсырса, тағы екі адам ауруханада көз жұмған. Жарақат алған 33 адамның жағдайы әртүрлі.
Малайзияның жоғары білім министрі Замбри Абдул Кадир зардап шеккендерге көңіл айтып, үкімет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.