Мексика халқының 90%-іне COVID-19-ға қарсы вакцина салынады
Мексика билігі халықтың 90%-іне коронавирусқа қарсы вакцина салмақ, деп хабарлайды Taunews.kz.
Бұл шамамен Мексика халқының 100 миллионнан астам адамы. Елге екпе салу келесі жылдың соңына жоспарланып отыр. Қазір үкімет халықаралық Ковакс механизмі аясында COVID-19-ға қарсы препараттарға алдын ала төлем жасады. Осылайша, Мексика америкалық Moderna, немістің CureVac және Британия мен Швейцария ғалымдары әзірлеп жатқан AstraZeneca вакциналарына қол жеткізеді. Жалпы, Мексика елі коронавирусқа қарсы вакцинаға 1,5 миллиард доллар бөлген. Осы қаржымен ел тұрғындары тегін препаратпен қамтылмақ.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ