присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ұлттық банк базалық ставканы көтерді

24 қаңтар 2022 16:49
Ұлттық банк базалық ставканы көтерді

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 10,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 11,25%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 9,25% болады.

"Шешім инфляциялық болжамдарды төмендету және инфляцияның 2022 жылдың соңына қарай белгіленген 4-6% нысаналы дәлізге кіру қажеттілігі ескеріле отырып қабылданды", - деп түсіндірді Ұлттық банк.
Қазақстанда базалық ставка 25 қазанда жылдық 9,5%-тен 9,75%-ке дейін көтерілді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру