присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Алматы қаласының әкімі ауысты

31 қаңтар 2022 12:29
Алматы қаласының әкімі ауысты

Алматы қаласының әкімі болып Ерболат Досаев тағайындалды. Бұл туралы саясаттанушы "Алматы апат" Telegram-каналында жазылған деп хабарлайды Taunews.kz

 

Ерболат Досаев 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласының Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірген. Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

  • 1997 жылы «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарған;
  • 1998 жылы ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарған;
  • 1998 жылы ҚР энергетика, индустрия және сауда вице-министрі лауазымын атқарған;
  • 2000 жылы – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;
  • 2001 жылы – Қазақстан Даму банкі Директорлар Кеңесінің Төрағасы;
  • 2001-2003 жылдары – ҚР Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы;
  • 2003-2004 жылдары – ҚР қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; ҚР Ұлттық Банкінің басқарма мүшесі;
  • 2004-2006 жылдары – ҚР денсаулық сақтау министрі;
  • 2006-2012 жылдары «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • 2012 жылғы 25 қыркүйектен бастап – ҚР экономикалық даму және сауда министрі;
  • 2013 жылғы 16 қаңтардан бастап – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;
  • 2014 жылғы 6 тамызда ҚР Президентінің № 880 жарлығымен ҚР ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
  • 2015 жылғы 30 сәуірде ҚР Президентінің № 5 жарлығымен ҚР ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды. 
  • 2016-2017 жылдары – «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басшысы.
  • 2017-2019 жылдары ҚР Премьер-министрінің орынбасары;
  • 2019 жылдан бүгінге дейін Ұлттық банктің төрағасы қызметін атқарды.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымына 2019 жылдың маусым айында тағайындалған болатын.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру