присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Астанада оқушы қызды зорлаған автобус жүргізушісі сотталды

03 қараша 2022 15:09
Астанада оқушы қызды зорлаған автобус жүргізушісі сотталды

Астанада кәмелетке толмаған қызды зорлаған автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам №1 автопаркте жүргізуші болып жұмыс істеген. Қылмыс жасалған күні ол автобус салонында кәмелетке толмаған қыздың дәрменсіздігін пайдаланып, оны зорлаған.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің және оның заңды өкілінің жауабымен, психиатр-психологтар және сараптамалардың қорытындысымен, ұялы телефон арқылы куәгермен жазысқан хаттармен және куәгерлердің жауаптарымен дәлелденді.

Сот үкімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1 тармағы 1-тармақшасы бойынша 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол педагогикалық және кәмелетке толмағандармен байланысты өзге де қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Қылмыскер енді қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда жазасын өтейді.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру