Дәрі-дәрмек саласындағы заң бұзушылықтар белгілі болды
Қазақстанның дәрі-дәрмек саласындағы заң бұзушылықтар белгілі болды, - деп хабарлайды Taunews.kz. Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу тапсырмасын орындау мақсатында дәрілік заттардың бағасын бақылауды қамтамасыз ету тұрғысында облыстар мен республикалық маңыздағы қалаларда мониторингілік топтар құрылды. Олардың құрамына біздің комитеттің аумақтық бөлімшелері, жергілікті атқарушы әрі құқық қорғау органдары енгізілді. Мониторингілік топтармен 1640-тан астам дәріхана қамтылып, шекті бағадан асып сатылған дәрілік заттардың 199 атауы анықталды», - деді Н. Асылбеков.
Оның сөзінше, биылғы15 шілдеден 9 қарашаға дейін 174 млн теңге сомасына шекті бағаның артуының 876 фактісі, 39,4 млн теңге сомасына дәрілік заттарды заңсыз өткізудің 347 фактісі анықталды. Мұнымен қоса, 1223 әкімшілік хаттама толтырылып, 213 млн теңгеден астам сомада айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 10 млн-нан астам дәрі-дәрмек пен медициналық заттар алынған.
Қазіргі таңда дәріханаларда халықтың дәрілік заттарға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін препараттар жеткілікті.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ