Газ бағасы екі жыл бойы өзгермейді - үкімет басшысы
Қазақстанда шикі және тауарлық газ бағасы 2024 жылға дейін өзгермейді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.
"Шикі және тауарлық газ бағасы 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін өткен жылдың желтоқсанындағы деңгейінде белгіленеді", - деді Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сонымен қатар, айтуынша, ішкі нарық қосымша 150 мың тонна сұйылтылған мұнай газымен қамтамасыз етіледі.
Елордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиын барысында Қазақстанның былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ