присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

10 ақпан 2022 10:22
Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілерін күн райының бұзылуына байланысты жолда абай болуға шақырды.

“Қазгидрометтің” хабарлауынша, 10-12 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде ауа райының нашарлауы, ауқымды антициклон, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, сондай-ақ желдің күшеюі және көктайғақ күтіледі.
Осыған балйнасты ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілерін жол ережесін қатаң ұстанып, көлік арасындағы арақашықты пен қозғалыс жылдамдығын сақтауды ескертті.
"Алыс жолға шығарда ауа райы болжамы мен дабылды ескертулерге назар аудару керек", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, ауа райының қолайсыздығына байланысты қыс басталғалы жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсті. Соңғы тәулікте ғана 23 жол апаты тіркеліп, бір адам қаза тауып, 33 адам зардап шекті.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру