Қарағандыда мобильді көліктер бақылау бекетінде жұмыс істейді
Автокөлік сатып алуға облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Жылжымалы бекеттер жүк көп тасымалданатын бағыттардағы автожолдарда жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды Taunews.kz.
Машиналар көліктік бақылау жүргізу үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Жүк көлік құралдарын өлшеуге арналған жылжымалы таразылар мен жабдықтар бар. Бақылаушылар жүк көліктерінің жүктемесі мөлшерден тыс асып кеткенін бірден анықтай алады. Мобильді бекеттер көліктік бақылауды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл жөнделіп жатқан жолдарды сақтау үшін қажет.
Бүгінде облыста автотрассалардың 80%-дан астамы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Көрсеткіш жоғарылап келеді – жолдарды жөндеу ауқымы жылдан жылға артып келеді. Бекеттердің бірі Жезқазған өңірінде, екінші жылжымалы бекет Қарағанды, Абай, Бұқар Жырау, Нұра, Осакаров, Шет және Қарқаралы аудандарының жолдарында жұмыс істейтін болады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ