Қазақстан-Қытай шекарасында тексеріс жүріп жатыр
Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан-Қытай шекарасында тексеру жүргізілуде.
Тексеруді Бас прокуратураның, қаржы мониторингі агенттігінің және Қаржы министрлігінің өкілдерінен құрылған жұмыс тобы жүргізеді.
Уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесі бар импорттаушылар ғана тексеріледі. Осы тексерулердің қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.
Бұл «көлеңкелі экономиканың» үлесін төмендетуге мүмкіндік берді.
Былтыр нарықта Қытайдан тауар импорттайтын сыртқы экономикалық қызметтің 7241 қатысушысы жұмыс істеді, олардың 17-сі уәкілетті экономикалық оператор. Олар импорт көлемінің 18 пайызын құрады. Бес уәкілетті оператор өндірістік секторға, екеуі квазимемлекеттік секторға жатады («Қазпошта» АҚ және «ҚТЖ» АҚ еншілес ұйымы - KTZ Express АҚ).
Жалпы, Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері мен тауарларды кедендік тазартудың өзге де орындары белгіленген жұмыс режиміне сәйкес жұмыс істеп жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ