Қазақстанда күнбағыс дәні мен майына квота бекітілді
15 желтоқсаннан бастап күнбағыс дәні мен майы Қазақстаннан шетелге квота арқылы шығарылады. Ауыл шаруашылығы министрі 2021 жылдың 13 желтоқсанында осындай бұйрыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес мыналар үшін квота енгізіліп отыр:
себуге арналған ұсақталған немесе ұсақталмаған күнбағыс дәні үшін 125 000 тонна квота белгіленді;
таза салмағы 10 литр болатын бастапқы қаптамадағы тазартылмаған шикі күнбағыс майы – 110 000 тонна;
тазартылған немесе тазартылмаған басқа да күнбағыс майлары және олардың фракциялары – 110 000 тонна.
Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тауарларды шығаруға арналған квота алу үшін өтінім жолдау керек.
Әрбір өтініш беруші бір айда бір ғана өтініш бере алады.
Бұйрық 2021 жылдың 15 желтоқсанынан қолданысқа енеді және 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жарамды болады.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ