присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстанда әртаптанған экономика сол қалпы орнаған жоқ – Президент

21 қаңтар 2022 14:11
Қазақстанда әртаптанған экономика сол қалпы орнаған жоқ – Президент

Қазақстанда әртарапты экономика жоқ. Бұл туралы бүгін елдің бизнесмендерімен кездесу кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

«Артымызға қарасақ, елімізде екі экономикалық сынық болғанын байқаймыз. Біріншісі, жоспарлы экономикалар нарықтық экономикаға өткеніміз. Көп нәрсе жоғалтып, талай құбылған жағдайлар арқылы Қазақстан әйтеуір орнынан тұрып, бейімделіп, өте ауыр болса да, керек реформалардан өтті», - дейді Тоқаев.

Тоқаевтың айтуынша, бұл өзгерістер мемлекеттің мүлкін жекешелендіру түрінде қаржыландырылған. Президент бұл кеңес үкіметінен қалған мұра екенін де атап өтті.

«Осының негізінде отандық кәсіпкерлердің жаңа буыны пайда болды. Міне, бұл экономиканың екінші сынығы, яғни, 2000 жылдардағы шикізат айналымы. Экономика жаһандық процестерге еріп, шетелдік инвосторларға жағдай жасалды. Осы арқылы еліміздің кен байлықтары мен банктеріне көп ақша құйыла бастады. Бұл ақша экономикамызға азық болып, тұрақтылық бергені рас. Алайда, сырттан келген жақсылық шикізаттың қарғысына айналды. Яғни, Қазақстан әртарапты экономика құра алған жоқ», - деді Тоқаев.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру