«Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы тағайындалды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Мирболат Хайратұлы Аюпов «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Мирболат Хайратұлы Аюпов 1963 жылы 26 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Мәскеу инженерлік-физика институтының кибернетика факультетін бітірген.
1986 жылдары Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми және оқытушылық қызметтер атқарды. 1998 жылдары «Алтел» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ компанияларында басшылық лауазымда болды. Әр жылдары «Транстелеком» АҚ, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-ін басқарды. Байланыс және телекоммуникация, сондай-ақ, телевизия технологиялары саласында 20 жылдан астам басшылық қызметтерді атқарып келді.
«Құрмет» орденінің, Қазақстан Республикасындағы басқа да бірқатар медальдар иегері, «Құрметті байланысшы» деген атағы бар.
«Қазтелерадио» АҚ басты мақсаты – халыққа телерадио хабарларын таратудың түрлі желілерінде мемлекеттік бағдарламаларды тегін қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету. Бұл ретте бірінші кезектегі міндеттер цифрлық эфир телехабарын таратуды енгізу, жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісін, мемлекеттік хабар тарату желілерін дамыту, интернет-хабар таратуды кеңейту және мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізуді қамтамасыз ету болып отыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ