присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

«Көкшетау 4П» өкпені жасанды желдету аппаратының 800 данасы шығарылды

09 қараша 2020 17:04
«Көкшетау 4П» өкпені жасанды желдету аппаратының 800 данасы шығарылды

Көкшетаудағы «Тыныс» акционерлік қоғамы коронавирус инфекциясымен күресте заманауи «Көкшетау 4П» жасанды тыныс алу аппаратын шығарып жатыр, - деп хабарлайды Taunews.kz.

Зауыт басшылығының мәліметінше, «Көкшетау 4П» өкпені жасанды желдету аппаратының 800 данасы шығарылған. Өкпені жасанды желдетуге арналған аппарат жедел жәрдем көліктерінде, оқиға орнында, хирургия бөлімдерінде, жансақтау және интенсивті терапияда қолданылып келеді. Республика бойынша облыстарға осындай аппараттың 500-ден астам данасы жөнелтілген.

«Ақмола облысы бойынша 60 жасанды желдету аппараты жеткізілді, олардың ішінде 17 аппарат облыстық денсаулық сақтау басқармасына қайырымдылық көмек ретінде табыс етілді. Зауытта жасанды тыныс алу аппараттары жаңартылып, негізгі жинақтаушы комплектілері әзірленуде. Зауытқа әлі де медициналық мекемелер мен жеке тұлғалардан тапсырыстар түсуде. Сондай-ақ кәсіпорында 200 дайын комплектілер бар. Зауытқа әлі де медициналық мекемелер мен жеке тұлғалардан тапсырыстар түсуде», - дейді қала әкімдігіндегілер.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру