присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыру керек - Тоқаев

20 қазан 2022 10:25
Көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыру керек - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңіріне жұмыс сапарында Қазақстанда жазатайым оқиғалардың, соның ішінде адам өліміне әкелетін жол апатының саны артқанын айтты.

Ол Кербұлақ және Панфилов аудандары арқылы өтетін республикалық күре жолды жөндеу мәселесі өзекті болып қала беретінін атап өтті.

"Бұл - өте маңызды жол. Сондықтан, Үкімет пен әкімдікке ондағы күрделі жөндеу жұмысын алдағы 2 жылдың ішінде аяқтауды тапсырамын. Қажетті қаражатты шұғыл қарастыру керек.

Ең алдымен, жолдың сапасы жақсы болуы керек. Алайда, құрылыс та созылып кетпеуге тиіс. Бұл жергілікті жұрттың тұрмысына және көлік қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, облыстағы республикалық маңызы бар күре жолдарда болған жол апаттарынан 9 айда 61 адам қаза болған.

"Бұл - жан түршігерлік көрсеткіш.

Елімізде жол апаттары, оның ішінде адам өліміне әкеп соқтырған оқиғалар көбейіп барады. Бұған еш жол беруге болмайды. Адам өліміне әкеп соқтырған әрбір жол апатын төтенше жағдай ретінде қарастыру қажет. Адам өмірі - біздің басты байлығымыз. Сондықтан, азаматтардың амандығы және қауіпсіздігі бірінші орында тұруға тиіс. Жол құрылысы кезіндегі жемқорлық пен селқостықты түбірімен жою үшін жүйелі шаралар қабылдау керек", - деп толықтырды ол.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру