Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы орта жасалады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Орталық сайлау комиссиясының нұсқаулығына сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуді ұсынды, - деп хабарлайды Taunews.kz.
2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету мақсатында аумақтық сайлау комиссиялары үшін бірқатар ұсынымдар әзірленді.
«Қоғамның саяси өміріне қатысу – әрбір азаматтың Конституцияда бекітілген құқығының ажырамас бөлігі. Еркін, тікелей сайлау демократиялық мемлекеттің негізі болып табылады және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азамат оны жүзеге асыра алуы керек. Сайлау мүгедектігі адамдарға қоғамдық өмірге қатысуын жандандыруға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің міндетіміз ОСК және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету. Ол үшін бүкіл ел бойынша кешенді шаралар қабылдануда», – деді вице-министр Ерлан Әукенов.
ОСК талдауына сәйкес, 10 мың сайлау учаскесінің 96%-ы бірінші қабаттарда орналастырылады, 84%-ында пандустар бар, 80%-ы ҚНжЕ-ге сәйкес келеді, 72%-ында ғимаратқа кірген кезде тұтқалары бар. Бұған қоса, онлайн-сурдоаударма немесе ымдау тілі мамандарының кезекшілігін қою ұсынылып отыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ