Маңғыстауда екі отбасы газдан уланып, 9 адам ауруханаға түсті
Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында 9 адам газдан уланып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Taunews.kz. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Департамент бастығының орынбасары Мұрат Мұхановтың мәліметінше, екі бөлмелі жер үйде тұратын отбасыға ағасы балаларымен қонаққа келген. Тамақ пісіру үшін газ баллонын қолданылған. Кешкі ас үстінде үй ішіндегі 9 адам кезекпен әлсіреп, құлай бастайды. Ересектердің бірі сыртқы есікті ашып, жедел-жәрдем шақырған. Зардап шеккендердің барлығы аман қалды.
«Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері, 3 бірлік техника жұмылдырылды. Уақытша баспанада газ жылытқышының ақауынан газ тарай бастаған. Осы мекенжайда департамент қызметкерлері 29 тамыз күні және 17 қараша күндері өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізген», - деді М.Мұханов.
Ересектер облыстық ауруханаға, ал балалар Ақтаудағы балалар ауруханасына жеткізілген. Көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары Гүлжан Ермекбаеваның сөзінше, балалардың жағдайы бірқалыпты.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ