присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Премьер-министр Астанадағы LRT құрылысын аяқтауға қосымша қаржы бөлінетінін айтты

19 қазан 2022 17:48
Премьер-министр Астанадағы LRT құрылысын аяқтауға қосымша қаржы бөлінетінін айтты

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Астанадағы LRT құрылысына қосымша қаржы кезең-кезеңімен бөлінетінін айтты.

Біз бұл жобаның тағдыры не болады деп бірнеше нұсқаны талқыладық және осы жобаны одан әрі дамытудың түрлі схемаларын зерттеп, халықаралық сарапшылар мен қала жұртшылығының пікірін ескердік. Нәтижесінде жобаны аяқтаймыз деп ұйғардық. Бірақ ол біршама оңтайландырылған түрде іске асады, - деді Әлихан Смайылов Мәжілістің кулуарында.

Премьер-министрдің айтуынша, күзде LRT құрылысына қосымша 20 млрд теңге бөлінген.

Бұл қаражаттың игерілуіне қарай, біз оларды игерудің тиімділігіне, осы жоба шеңберіндегі мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қарастырамыз. Кейін біз осы жобаны аяқтау үшін кезең-кезеңімен қосымша қаражат бөлеміз, - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысын аяқтауға 577 млн доллар керектігін айтқан еді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру