Президент Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын өткізеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысын өткізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Берік Уәлидің айтуынша, бейнебайланыс форматында өтетін іс-шараға Кеңеске мүше мемлекеттердің және бақылаушы елдер – Куба, Молдова, Өзбекстанның басшылары қатысады деп жоспарланған.
"Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне қатысты өзекті мәселелерді, 2021 жылғы ынтымақтастықтың нәтижелерін, сондай-ақ алдағы уақытта Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара экономикалық іс-қимылдарды дамыту жоспарын талқылайды. Қазақстанның ұйымға төрағалығы осы жиынмен аяқталады.
Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15.00-де "Хабар-24" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі", - деп жазды Берік Уәли.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ