Республика күніне орай қоғамдық көліктер тегін қатынайды
Атырау қаласында Республика күніне орай қоғамдық көліктер тегін қатынайды
«Смарт-Атырау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Арслан Ароновтың мәліметінше, мерекеге орай қала және шаһар маңындағы елді мекендердегі барлық қоғамдық көліктер тегін қатынайды.
Әкімдік пен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың ортақ шешімімен қабылданған бұл мүмкіндікті жас айырмашылығына қарамастан қала тұрғындары мен қонақтарының бәрі пайдалана алады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада Республика күніне орай 23-25 қазан аралығында, яғни жексенбіден сейсенбіге дейін қаладағы автотұрақтар тегін қызмет көрсететіні туралы хабарлаған болатынбыз.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ